Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына 165 өтініш (132 жеке және 33 заңды тұлғалардан) келіп түсті, оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.И. Ибрагимовтың әрекетіне шағым, 11 коммерциялық ұсыныс, 44 сұраныс және 109 өтініш. Аталған шағым бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.
Павлодар облысы әкімінің аппараты арқылы Тәуелсіздік және Д. Асанов көшелерінде орталық жылу беруді өткізу мәселесі бойынша 1 өтініш түсті.
Железин ауданының прокуратурасы арқылы 3 өтініш келіп түсті: шағым және екі өтініш (ата-ана құқығынан айыру және вакцинациялау мәселесі бойынша). Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге жазбаша түсініктемелер берілді.
Жазбаша өтініштерге жүргізілген талдау өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, еңбек және еңбек қатынастары, жер және жерді пайдалану, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша түскенін көрсетеді.
Аудан әкімі аппаратына келіп түскен өтініштердің жалпы санынан Железин - 83, Веселорощин - 20, Михайлов - 15, Озерный - 9 ауылдық округтерінің және т.б. тұрғындары неғұрлым көп өтініш білдіреді.
Келесі өтініштер бойынша оң шешімдер қабылданды: анықтама беру, жер учаскесін беру, мектеп аумағынан бағаналарды жылжыту, колонкаларды абаттандыру, нысаналы мақсатын өзгерту, АӘК алу мәселесі, материалдық көмек көрсету.
Әлеуметтік аккаунттарға 93 өтініш, аудан әкімінің WhatsApp-қа 16 өтініш, ресми сайтқа 3 өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралады және өтініш берушілерге жауаптар беріледі.
Есептік кезеңде әкімнің жеке қабылдауында, әкім орынбасарларымен 72 адам қабылданды.
Аудан әкімі 54 адамды қабылдады. Қарау нәтижелері: 49 – түсіндірілді, 5 - өтініш қанағаттандырылды-қатты отын беру, иттерді ату, дүкен салу үшін жер учаскесін беру, «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша субсидиялау және кредиттеу бойынша түсініктемелер.