Ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 17 маусымында жүргізілген бюджетті түзету әлеуметтік көмекке 578,2 млн.теңге сомасында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасына 563,4 млн. теңге сомасында нысаналы трансферттердің ұлғаюына байланысты және атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінен 3,4 млн. теңге сомасында ағымдағы жылдың 12 тамызында жүргізілген түзету ескерілді.
Бюджеттің кіріс бөлігінде 127,4 млн. теңге сомасында кірістер ұлғайтылды, оның ішінде салықтық түсімдер 47,3 млн.теңгеге ұлғайды, салықтық емес түсімдер 77,9 млн. теңгеге ұлғайды, Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2,2 млн. теңгеге ұлғайды.
Сондай-ақ аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 6290,3 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 507/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 13 тамыз - 27 тамыз аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.