Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 507/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Железин аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 507/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7134 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше                      1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 097 805 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 971400 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 84502 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6806 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 035 097мың теңге;

2) шығындар – 6 290 278мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 53212 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 77188мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 976 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 23480 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 23480мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 269 165 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             269 165 мың теңге.»;

2) 6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«6. 2021 жылға арналған аудан бюджетінде ауылдық округтардың бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер келесі көлемінде ескерілсін:

312 787 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бойынша  іс-шараларды іске асыруға;

81 022 мың теңге – елді мекендердегі жолдарды және көшелерді орташа жөндеуге арналған;

80 639 мың теңге – ауылдық елді мекендерді су жабдықтаумен қамтамасыз етуге арналған;

28  918 мың теңге  - ауылдық округтар әкімі апараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бонустарды төлеуге арналған;

21 640 мың теңге – елді мекендерде жарықтандыру бойынша іс-шаралар өткізуге арналған; 

12 190 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру бойынша іс-шаралар өткізуге арналған;

1 780 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған»;

3) 8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«8. 2021 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 9 308 мың теңгеде бекітілсін».

4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасынасәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 августа 2021