Железин аудандық мәслихатының «Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 516/6 «Железин ауданының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы.
Ағымдағы жылдың ақпан айында пайдаланылмаған 27 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттердің қайтарылуына және 3622 мың теңге сомасындағы короновирустық инфекциямен күреске резервтен қаражат бөлінуіне байланысты бюджет түзетулері ескерілді.
Бюджет қаражатының бос қалдығы қайта бөлінді, ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге, компьютерлік техниканы сатып алуға және басқа да ағымдағы шығындарға бағытталған.
Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 516/6«Железин ауданының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 13 тамыз – 27 тамыз аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.