Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы                                                   8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының  міндетін атқарушының  2021 жылғы 3 тамыздағы № 1-13/341 ұсынысы негізінде әзірленді.

 Шешім қабылдаудың мақсатында жануарлардың құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты Железин ауданының Прииртышск ауылдық округінің Урлітүб ауылының «Урлютюб» шаруа кожалығының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату болып табылады.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешімнің жобасы 2021 жылғы 20.08. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
20 августа 2021