Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1- тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және  Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 03 тамыздағы № 1-13/341 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Урлітүб ауылының «Урлютюб» шаруа қожалығы аумағында құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты,белгіленген  шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
  2. Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22912 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
20 августа 2021