«Железин ауданының ұйымдарында 2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Железин ауданы әкімдігінің қаулысына пресс-релиз

          «Железин ауданының ұйымдарында 2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Железин ауданы әкімдігінің қаулысы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы          1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің         18-бабы 7) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының      2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйырығына сәйкес әзірленді.

           Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Железин ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу болып табылады.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 15.06.2021 жылы орналастырылды.

Дата публикации
15 июня 2021