Қазақстан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі «Железин ауданы Қазақстан округінің Ескара ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасыны «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 4)-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына  сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 маусымдагы № 1-13/286ұсынысы негізіндеәзірленді.

Железин ауданы Қазақстан округінің Ескара ауылы аумағындағы шешім қабылдаудың мақсаты құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланыстышектеу іс-шараларын тоқтатылсын.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2021 жылғы 12.07. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
12 июля 2021