Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11маусымдагы № 1-13/286 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Ескара ауылының аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімнің 2021 жылғы 13 сәуірдеғі «Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Есқара ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгілеу туралы» № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7243 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан ауылдық округінің
әкімі міндетін атқарушы С. Байманова