№ 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімін сайлау кезеңінде 1985 жылы 3 сәуірде туған, қазақ, білімі жоғары – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, уақытша жұмыс істемейтін Жастлек Калижанович Сатканов № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.
  2. № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Жастлек Калижанович Саткановтың өкілеттік мерзімі 2021 жылғы 17 шілдеден бастап 25 шілдеге дейін қоса белгіленсін.
  3. Осы қаулы № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                        Г. Беркало

 Сайлау комиссиясының хатшысы                                         В. Ткачев

Дата публикации
19 июля 2021