Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 199/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5903 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.