№ 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына, 19-бабының 8-тармағына және 20-бабының 12-тармағы төртінші бөлігіне сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімін сайлау кезеңінде 1977 жылғы 16 желтоқсанда туған Наталья Ивановна Недвига № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын, орыс, білімі арнаулы орта – ветеринариялық фельдшер, электр санауыштарын пайдалану жөніндегі электр монтері болып жұмыс істейді.
  2. № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Наталья Ивановна Недвиганың өкілеттік мерзімі 2021 жылғы 12-25 шілде аралығында белгіленсін.
  3. Осы қаулы № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына басшылыққа алу және орындау үшін жолдансын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                   Г. Беркало

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                                   В. Ткачев

Дата публикации
14 июля 2021