№ 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы

2021 жылғы 10 шілдеде Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкіміне кандидат Р.Ж. Капаров тіркелді. № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының құрамында комиссия мүшесі К.Е. Абишев бекітілді, ол ауылдық округ әкіміне кандидат Р.Ж. Капаровтың тікелей бағынысында. 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабы 12-тармағы негізінде ол сайлау комиссиясында бола алмайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі К.Е. Абишевтің міндеттерін атқару тоқтатыла тұрсын.
  2. Осы қаулы № 231 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына орындау үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                      Г. Беркало

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                                     В. Ткачев

Дата публикации
14 июля 2021