Железин ауданы ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы.

2021 жылы 9 шілдеде кешкі сағат 18.00-де ауылдық округінің әкіміндеріне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Жалпы аудан бойынша 3 сайлау округіне 11 кандидат ұсынылған болса, оның ішінде 4 (36,3%) - саяси партиялар, 7 (63,7%) өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Саяси партиялар 3 сайлау округі бойынша кандидаттарды ұсынды: «Нұр Отан» партиясынан 2 үміткер, «Ауыл» ХДПП-дан, Қазақстанның «Ак жол» ДП-дан 1кандидат, «АДАЛ» СП-дан, ҚХП-дан 1 кандидат, ЖСДП-дан.

Орташа бәсекеге қабілеттілік 2  адамды құрады.

Қазіргі уақытта 2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18.00-ге дейін ұсынылған кандидаттардың тіркеу бойынша іс-шаралар  жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша жалпы ауылдық округтерде екіден кем емес адам ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 8 үміткер тіркелген (72,8%). 1 кандидат бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкессіздік анықталды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы  ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Дата публикации
10 июля 2021