Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен:
- Башмачин ауылдық округінің әкімін;
- Қазақстан ауылдық округінің әкімін;
- Прииртышск ауылдық округінің әкімін сайлау 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалды.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Железин ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудан әкімдігінің сайтындағы «Қызмет» бас бөлімінің «Сайлау» бөлімінде орналастырылған.
|
|
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |