Әкімдікке кандидаттардың ұсынатын құжаттардың тізбесі

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына келесі құжаттарды толық көлемде

ұсынады:

  1. Өмірбаяндық мәліметтерді қоса бере отырып, әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі (ниеті) туралы өтініш.
  2. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) мүлкі және активтері туралы декларацияларды тапсыру туралы анықтамалар.
  3. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) жеке куәліктерінің көшірмелері.
  4. Қосымшалары бар дипломдардың көшірмелері.
  5. Фото 3*4 – 3 дана
  6. ҰҚК органдары үшін белгіленген нысандағы сауалнама (өз қолымен толтырылады).
  7. ҰҚК органдары үшін белгіленген нысандағы Өмірбаян (өз қолымен толтырылады).
  8. Неке қию (бұзу) туралы куәліктің көшірмелері.
  9. Туыстарының (әкесі, анасы, әпкесі, ағасы) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмелері.
  10. Белгіленген нысандағы қызметтік тізім (компьютерде толтырылады).
  11. Еңбек кітапшасының көшірмесі.
  12. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.
Дата публикации
02 июля 2021