Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына және 19-бабы 8-тармағына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері болып тағайындалсын:
  •  № 213 сайлау учаскесіне:

Елена Владимировна Карпенко, 1978 жылы18 ақпанда туған, неміс, білімі арнайы орта, Башмачин ауылдық мәдениет Үйінің мәдени ұйымдастырушысы;

  •  № 231 сайлау учаскесіне:

Меруерт Жақсыбайқызы Ахмедьянова, 1992 жылы 2 қаңтарда туған, қазақ, білімі орта арнайы – модельер-пішуші, Жаңа жұлдыз ауылының ауылдық мәдениет Үйінің мәдени ұйымдастырушысы болып жұмыс істейді;

Жанаргүл Кәкімқызы Нағыманова, 1971 жылы 29 қаңтарда туған, қазақ, білімі арнаулы орта – фельдшер, Жаңа жұлдыз ауылының дәрігерлік амбулаториясында акушер болып жұмыс істейді;

  •  № 232 сайлау учаскесіне:

Анель Сериковна Бейсенбаева, 1997 жылы 3 сәуірде туған, қазақ, білімі жоғары – қазақтанушы, Есқара жалпы орта білім беру мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді;

Жумагыз Бакиевна Ислямова, 1976 жылы 29 қазанда туған, қазақ, орта білімді, Есқара фельдшерлік-акушерлік пункт санитаркасы болып жұмыс істейді.

  1. Сайлау комиссияларының тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі аудандық мәслихат жоғарыда аталған сайлау комиссияларының мүшелерін сайлағанға дейін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабында белгіленген тәртіппен есептелсін.
  2. Осы қаулы аудандық мәслихатқа және тиісті сайлау комиссияларына жіберілсін.

 

Сайлау комиссиясының төрайымы                      Г. Беркало

Сайлау комиссиясының хатшысы                        В. Ткачев 

Дата публикации
29 июня 2021