2021 жылдың электоралды кезеңіне «Железин ауданының ақпараттық орталығы» ЖШС-нің материалдарды қабылдау шарттары, қызмет ақысының мөлшерлері және нысандары туралы ақпарат

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Железин ауданының ақпараттық орталығы» ЖШС Железин ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар үшін материалдарды қабылдау шарттары, редакцияның ақпараттық қызметтеріне ақы төлеу нысандары мен мөлшері туралы ақпарат жариялайды.

Өмірбаяндық деректерді, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелерін және депутаттыққа кандидаттардың фотосуреттерін орналастыру үшін газеттік алаңның бір шаршы сантиметрінің құны 200 (екі жүз) теңгені құрайды; сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастыру үшін - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде. Қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз төлем нысаны - 100% алдын ала төлеу.

Материалдарды ұсыну шарттары және орналастыру тәртібі: өмірбаяндық мәліметтер, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелері мен графикалық бейнелері бар материалдар, ақпараттық қызмет көрсету және төлем жасау туралы шарт жасалғаннан кейін редакциямен газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне сәрсенбіден кешіктірмей жариялануға қабылданады.

Ұсыну тәсілдері-кандидаттың не сенім білдірілген тұлғаның қолы қойылған қағаз тасығышта және электрондық түрде (флеш-тасығыш немесе электрондық пошта). Кандидаттардың сөз сөйлеу кезектілігі өздері көрсеткен газеттің нөмірінде материалдардың келіп түсу тәртібімен немесе егер өтініштер редакцияға бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.

Кандидаттардың сайлау алдындағы материалдары 1-ші, 7-ші және 8 беттен басқа кез келген бетте жарияланады. Сайлау алдындағы ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселелері бойынша 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі 10 мекен-жайына хабарласу қажет.

E-mail: tugan_olke@mail.ru. Телефон (факс) 8 (71831) 2-18-58.

 

«Железин аудандық         

ақпараттық орталығы» ЖШС м.а.                                                      Ханенко А.А.

Дата публикации
29 июня 2021