Железин ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылсын:

1) Башмачин ауылдық округі әкімі – Башмачин ауылдық округінің шекарасындағы Башмачин сайлау округі;

2) Қазақстан ауылдық округі әкімі – Қазақстан ауылдық округінің шекарасындағы Қазақстан сайлау округі;

3) Прииртышк ауылдық округі әкімі – Прииртышк ауылдық округінің шекарасындағы  Прииртышк  сайлау округі.

  1. Сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, олардың тізімін Железин ауданы әкімдігінің интернет желісінде және аудандық «Родные просторы» және «Туған өлке» газетінде жариялансын.

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                    Г. Беркало

 

 Сайлау комиссиясының хатшысы                                    В. Ткачев

Дата публикации
25 июня 2021