Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 1-13/263 ұсынысы негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты жануарлардың құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты Железин ауданы Лесной ауылдық округі Лесное ауылының Первомайская және Зеленая көшелеріндегі шектеу іс-шараларын алып тастау болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешімнің жобасы 2021 жылғы 11.06. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.