Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 1-13/263 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТТІМ:
- Құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Железин ауданы Лесной ауылдық округі Лесное ауылының Первомайская және Зеленая көшелерінде белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
- Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7245 болып тіркелген) № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.