Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 5915 гектар Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.
- «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.