Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Железин ауданында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары, үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы әлеуметтік көмек көрсетуді бойынша.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2020 жылғы 12 мамырда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.