Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Железин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде әр балаға үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды бір жыл ішінде тоқсан сайын жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемін өндіріп алу тәртібі айқындалсын.
Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
- Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы «Железин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 251-5/31 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі тіркелген, 2014 жылғы 06 желтоқсанда «Туған өлке», «Родные просторы» газетінің № 49 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының бюджет және әлеуметтік–экономикалық даму бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.