Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 5мамырдағы №1-13/251 ұсынысы негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-211) орналасқан мал шаруашылығы кешенінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2021 жылғы 26.05 «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.