Өсімдік шаруашылығы саласында карантинге жатқызылған өнімді облысаралық және мемлекетаралық тасымалдауымен айналасатын АШТӨ, жеке кәсіпкерлерге мен заңды тұлғалардың назарына

"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20732 болып тіркелді.

3-параграф. Карантинге жатқызылған өнімді шығару

  1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттарында, сондай-ақ импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
  2. Заңның және осы Қағидалардың талаптары сақталған кезде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) беретін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификат болған кезде рұқсат етіледі.
  3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама - теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темір жол станцияларында, почта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады.

      Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен залалдану белгілері анықталған кезде, үлгілер зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі, олардың нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттарын жаза отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі жасалады.

      Жүкті қайта тиемей әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.

  1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы тиісті аумақтық бөлімшеге жүгінеді және мыналарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін куәландыратын құжат (аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

      Портал арқылы жүгінген кезде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беруге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

  1. Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:

1) аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беруге арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор:

      өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды;

карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға барады;

карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді;

карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.

дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді;

3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

  1. Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілген карантинге жатқызылған жылдам бұзылатын өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен кезде 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілген өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды тіркейді және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды және ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толық еместігі және дұрыс еместігі фактісі және қолданылу мерзімі өткен құжаттардың ұсынылуы анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілген, келіп түскен өтініштің негізінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге әкетілетін жылдам бұзылатын карантинге жатқызылған өнімге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:

1) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;

2) барлық қажетті құжаттар ұсынылған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ИАЖ) тіркейді;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіргеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат және берілген құжаттардың тізімі ХҚО ИАЖ-ға енгізіледі және ББАЖ АЖ-ға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Фитосанитариялық сертификаттарды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Мемлекеттік корпорация қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оның 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті алушыға) береді.

  1. Фитосанитариялық сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың жеке қолы мен мөрі (мөртабан) қойылып беріледі және куәландырылады.

Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалуы туралы мәліметтерді қамтиды.

  1. Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) Қағидалардың 28-тармағына сәйкес фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;

2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

3) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы;

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау бұл межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

  1. Фитосанитариялық сертификаттың түпнұсқасы карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі, көшірмесі аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) іс-қағазында сақталады.

 

5-параграф. Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау (өсімдіктердің ішкі карантині) кезіндегі қорғау тәртібі

  1. Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы беретін карантиндік сертификат болған кезде жүзеге асырылады.

Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама карантинге жатқызылған өнім пайдаланылатын жерде куәландырады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат алу үшін осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға арналған карантиндік сертификат беруге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

  1. Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:

1) аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беруге арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайтын аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор:

      өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды;

карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен үлгілерді іріктей отырып, тексеріп қарауға барады;

карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау негізінде көрсетілген мерзім ішінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді;

карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді;

дайындалған карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді;

3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі дайындалған карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

  1. Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 131 бұйрық) бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле отырып карантинге жатқызылған жылдам бұзылатын өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беруге өтініш келіп түскен кезде 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының № 131 бұйрыққа сәйкестігін растайтын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілген өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды тіркейді және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды және ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толық еместігі және дұрыс еместігі фактісі және қолданылу мерзімі өткен құжаттардың ұсынылуы анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының № 131 бұйрыққа сәйкестігін растайтын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле отырып келіп түскен өтініштің негізінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге әкетілетін жылдам бұзылатын карантинге жатқызылған өнімге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.

  1. Карантиндік сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куаландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және осы өнімді жеткізу бойынша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, оның карантиндік жай-күйін куәландырады.

  1. Карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес карантиндік сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;

2) есепке алу нөмірін алған көрсетілетін қызметті алушылар қараөріктің шарка вирусы (Plum pox potyvіrus) бар жемістер мен жидектерді, қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлерін өңдеуге жіберген жағдайда, карантиндік арамшөптермен (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) залалданған астық пен оның өңделген өнімдерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орнының өзгеру жағдайын қоспағанда, тиісті аумақтық бөлімшеден (көрсетілетін қызметті берушіден) ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

  1. Жүру жолында немесе межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімнің баратын мекенжайын өзгерту аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) рұқсатымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының карантиндiк аймағынан әкетiлген карантинге жатқызылған өнiмдi жүру жолында басқа мекенжайға жiберуге жол берілмейді.

Тасымалданатын карантинге жатқызылған өнім оның межелі, жеткізу пунктінде қайталама рет карантиндік тексеріп қаралуы тиіс.

  1. Карантинге жатқызылған өнім иеленушісі аумақтық бөлімшені (көрсетілетін қызметті берушіні) карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді.

Егер тасымалдаушы мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартса, онда ол иеленушінің қаражаты есебінен жөнелтушіге қайтарылуы тиіс, бұл туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі жасалады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор тиісті аумақтық бөлімшені (көрсетілетін қызметті беруші) хабардар етедi.

 

Бас маманның м.а. – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы – Ахмединова Н.Б.

Дата публикации
21 мая 2021