Павлодар облысы Железин ауданы Озерный ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары

 

Әкімдікке үміткердің тегі, аты,

әкесінің аты

Әкімдікке үміткерлер үшін берілген дауыс саны

Арман Ерсаинович Атмаев

1

Адиль Зайнулаевич Садбеков

9

Жарамсыз бюллетеньдер жоқ.

 

Озерный ауылдық округінің

сайланған әкімін тіркеу туралы

хабарлама

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабының 11 тармағына сәйкес және Озерное ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 29 сәуірде:

1990 жылы туған, Павлодар облысы  Железин ауданы Железинка ауылында тұратын, Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейтін Адиль Зайнулаевич Садбеков Павлодар облысы Железин ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

                                                                                Железин аудандық

                                                                                 аумақтық сайлау 

                                                                                     комиссиясы

Дата публикации
29 апреля 2021