Железин аудандық мәслихатының «Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекіту туралы» № 486/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына баcпасөз-релизі

Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік кағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

         Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді бойынша.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2021 жылғы 14 сәуірде «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Дата публикации
28 апреля 2021