Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік кағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;»;
6-тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«15) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан тұрғын үйлері және шаруашылық құрылыстары зардап шеккен азаматтар (отбасылар);»;
7-тармақтың 2-6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-6) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу жылы жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім шарт қоса берілген өтініш негізінде;»;
7-тармақтың 2-10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-10) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-10) тармақшасында көрсетілген санатқа еріп жүретін адамның (ата-анасының бірі немесе заңды өкілдің) жол ақысына, тұруына және тамақтануға 40 (қырық) АЕК мөлшерінде – жеке өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама, оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде;»;
7-тармақтың 4-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-9) тармақшасында көрсетілген санат үшін емделу және қаралу үшін (санаторлық-курорттық емделуді қоса) 10 (он) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде;»;
көрсетілген шешімнің 7-тармағы:
«3-6) тармақшадағы «нақты шығындар» деген сөздер «10 АЕК» деген санмен және сөздермен ауыстырылсын;»;
көрсетілген шешімнің 8-тармағы:
«1-1) тармақшадағы «16,5 (он алты бүтін оннан бес)» деген сандар мен сөздер «20 (жиырма)» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын;»;
11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі;»;
13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;»;
6-тармағы мынадай мазмұндағы 8-7), 8-8), 8-9), 8-10) тармақшаларымен толықтырылсын:
«8-7) бұрын бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе техникалық (кәсіптік) білім алуға табыстарын есепке алмай үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;»;
«8-8) бірінші, екінші, үшінші топтағы жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектер;»;
«8-9) гемодиализге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер;»;
«8-10) санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;»;
7-тармағы мынадай мазмұндағы 3-8), 4-7), 4-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«3-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 2-2) және 2-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;»;
«4-7) ) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне бару үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде;»;
«4-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін 3 (үш) АЕК мөлшерінде уәкілетті орган тізім негізінде;»;
8- тармағы мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін коммуналдық шығындарын өтеуге 12 (он екі) АЕК мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;»;
«1-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін бірінші бала туғанда 20 (жиырма) АЕК Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде;»;
«2-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін азық – түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;»;
6-тармақтың 12-3) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.