Ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
Ағымдағы жылдың ақпан айында 6855 мың теңге сомасында пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің қайтарылуына байланысты және ағымдағы жылдың сәуір айында жоғары тұрған бюджеттен «Березовка ауылына кіреберіс жолын» жөндеуге 1,4 млн.теңге сомасында бөлінген трансферттердің ұлғаюына байланысты бюджеттің түзетулері ескерілді.
211,9 млн.теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдығы қайта бөлінді, ол барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есеп беру кездесулерінің қорытындылары, азаматтардың өтініштері және басқа да ағымдағы шығындар бойынша мәселелерді шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 5593,8 млн. теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 507/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 12 сәуір - 26 сәуір аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.