Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 395 663 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 924 063 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 601 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 661 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 460 338 мың теңге;
2) шығындар – 5 593 818 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 50 408 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 74 384 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 976 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 20 602 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 20 602 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 269 165 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 269 165 мың теңге.».
«9. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер көзделсін.».