Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының«Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 1-13/225 ұсынысынегізінде,Прииртышск ауылдық округі әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі Үрлітүб ауылының«Урлютюб»шаруа қожалығы аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
27 апреля 2021