Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 ақпандағы «Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылының «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 4)тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына және сәйкес Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 1-13/213ұсынысы негізіндеәзірленді.

Шешім қабылдаудың мақсаты шектеу іс-шараларын тоқтату және Желези ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 ақпандағы «Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылының «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы болып табылады.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2020 жылғы 22.04.  «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
22 апреля 2021