Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 4)-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 1-13/213 ұсынысы негізінде, Алакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылының «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенде ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектесу іс-шаралар тоқтатылсын .
- Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 ақпандағы «Железин ауданы Алакөл ауылының «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7209 болып тіркелген, 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерідің электрондық турдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.