Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Железин ауданында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары, үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы әлеуметтік көмек көрсетуді бойынша.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2020 жылғы 31 наурызда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.