Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік кағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы:
«8) тармақша уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Железин ауданының бөлімі жаңа редакцияда жазылсын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;»;
көрсетілген шешімнің 7-тармағы:
«2-6) тармақшасы осы Қағидалардың 6-тармағының 12-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін 54 (елу төрт) АЕК мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша) жаңа редакцияда жазылсын «осы Қағидалардың 6-тармағының 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу жылы жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім шарт қоса берілген өтініш негізінде;»;
«2-10) тармақшасы «осы Қағидалардың 6-тармағының 8-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (әлеуметтік бейімделу мен оңалтуға) уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде» жаңа редакцияда жазылсын «осы Қағидалардың 6-тармағының 8-10) тармақшасында көрсетілген санатқа еріп жүретін адамның (ата-анасының бірі немесе заңды өкілдің) жол ақысына, тұруына және тамақтануға 40 (қырық) АЕК мөлшерінде – жеке өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама, оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде;»;
«3-6) тармақшада «нақты шығындар» сөздер «10 МРП» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;»;
«4-3) тармақшада «8-2)» деген сандар «8-9)» деген сандармен ауыстырылсын;»;
көрсетілген шешімнің 8-тармағы:
«1-1) тармақшада «16,5 (он алты бүтін оннан бес)» деген сандар мен сөздер «20 (жиырма)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;»;
көрсетілген шешімнің 11-тармағы:
«атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті органмен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі жаңа редакцияда жазылсын «атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі;»;
көрсетілген шешімнің 13-тармағы:
«құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады жаңа редакцияда жазылсын «салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;»;
көрсетілген шешімнің 6-тармағы тармақшаларымен толықтырылсын:
«8-7) бұрын бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе техникалық (кәсіптік) білім алуға табыстарын есепке алмай үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;»;
«8-8) бірінші, екінші, үшінші топтағы жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектер;»;
«8-9) гемодиализге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер;»;
«8-10) санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;»;
көрсетілген шешімнің 6-тармағы:
«15) тармақшада «үйлері» деген сөзінен кейін «және шаруашылық құрылыстары» деген сөздермен толықтырылсын;»;
дополнить словами «и хозяйственные постройки»;»;
көрсетілген шешімнің 7-тармағы тармақшаларымен толықтырылсын:
«3-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 2-2) және 2-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;»;
«4-7) ) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне бару үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде;»;
«4-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін 3 (үш) АЕК мөлшерінде уәкілетті орган тізім негізінде;»;
көрсетілген шешімнің 8-тармақ тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін коммуналдық шығындарын өтеуге 12 (он екі) АЕК мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;»;
«1-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін бірінші бала туғанда 20 (жиырма) АЕК Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде;»;
«2-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін азық – түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;»;
көрсетілген шешімнің 6-тармағы:
«12-3) тармақша алып тасталсын;»;
көрсетілген шешімнің 12-тармағы:
«2) тармақша алып тасталсын».