Железин аудандық мәслихатының «Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы «Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 499/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін деректерді нақтылау.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.