Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша 2021- 2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешіміне баспасөз релизі

Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша 2021 - 2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы бойынша 2021 - 2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы деректерді нақтылау. 

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Дата публикации
06 апреля 2021