Железин ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Железин аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы «Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» № 116/6 шешімінің (Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 марта 2021