Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 1-13/142 ұсынысының негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Лесной ауылдық округі Лесное ауылының Первомайская және Зеленая көшелерінің аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешімнің жобасы 2021 жылғы 15.03. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.