Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 1-13/130 ұсынысы негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Есқара ауылы аумағында ауылшаруашылық жануарлары арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2021 жылғы 15.03. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.