Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес.
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 01 сәуірдегі «Железин ауданының кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» № 87/4 қаулысына сәйкес, «Железин ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауыстыруға байланысты, Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 199/6 шешіміне өзгеріс енгізу болып табылады.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2021 жылғы 12.03. орналастырылған.