Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 199/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы  Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі  «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 199/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5903 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 сәуірдегі «Родные просторы» және «Туған өлке» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

            көрсетілген шешіммен бекітілген, сот шешімдерімен коммуналдық меншікке  түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларында:

            5-тармақтың  екінші абзацы жаңа редакцияда жариялансын:

            «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалдықтарды басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі орган болып табылады. 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 марта 2021