Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 2-5/290 хатына сәйкес әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталған орнын нақтылау болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында 2021 жылғы 22.02 «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
23 февраля 2021