Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы «Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 2-5/290 хаты негізінде, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы «Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2021 жылғы 9 ақпанда № 7207 болып тіркелген, 2021 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің аумағында орналасқан «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Ангус тұқымының 4200 басқа арналған асыл тұқымды репродукторы» ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 февраля 2021