Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік кағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
6-тармақ келесі мазмұндағы 8-7), 8-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«8-7) бұрын бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе орта – арнайы (кәсіптік) білім алуға табыстарын есепке алмай үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;»;
«8-8) бірінші және екінші топтағы жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;»;
7-тармақ келесі мазмұндағы 2-11) 3-8), 4-7), 4-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«2-11) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу жылы жоғары, орта – арнайы оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының, жоғары оқу орнының басшысы, және мүгедек студент арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге келісім шарт қоса берілген өтініш негізінде;»;
«3-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 2-2) және 2-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;»;
«4-7) ) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне бару үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде;»;
«4-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін 3 (үш) АЕК мөлшерінде уәкілетті орган тізім негізінде;»;
8-тармақ келесі мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін коммуналдық шығындарын өтеуге 12 (он екі) АЕК мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын «атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі;»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын «салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;»;
6-тармақ 12-3) тармақша, 7-тармақ 2-6) тармақша және 12-тармақ 2) тармақша алып тасталсын.