Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 519/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7171 болып тіркелген, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
«1. Железин ауданында жиналыс, митинг түрінде бейбіт жиналыстарды
өткізуді ұйымдастыру үшін мамандандырылған орын:
Железинка ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойынша орналасқан Құдайберген Әлсейітов атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толтырылу нормасы - екі жүз адам.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.