Бөлімнің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және Железин ауданының мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы «Железин аудандық маслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 408/6 шешімінеөзгерістер еңгізу туралы» № 498/6 шешімімен бекітілді.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар
|
Атауы |
2019жыл |
2020 жыл |
2021жыл |
2022жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Әлеуметтіккөмеккежәнеәлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы |
346355 |
400291 |
200128 |
208370 |
|
|
|
|
|
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыру |
84168 |
70652 |
21055 |
22108 |
|
Әлеуметтік көмек |
223712 |
273771 |
154055 |
160769 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер |
38475 |
55 868 |
25018 |
25493 |
Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2020 жылға әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке шығындары 400291 мың теңге сомасында қарастырылған, оның ішінде:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-38191 мың теңге, бұл ретте 257 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленетін 60 отбасына және 51 балаға кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ 934 алушыға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар сатып алуға төлем жүргізілетін болады;
-Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу – 32461 мың теңге, көмек 1082 азаматқа көрсетілетін болады;
- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыру - 163481 мың теңге – оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, қамту 32 адамды құрайды;
- жастар практикасына жұмысқа орналастыру, 30 адамды қамту;
- қоғамдық жұмыстарға жолдама, 340 адам қамтылды;
- еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен қоныс аударушыларға 25 отбасы 128 адам мөлшерінде тұрғын үйді қайта пайдалануға және жалға беруге субсидиялар төлеу;
-жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар ұсыну, қамту 76 адамды құрайды;
– 35 азаматтың қысқа мерзімді оқытудан өтуі;
- халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету - 38300 мың теңге;
– ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету-8351 мың теңге, алушылар саны 1002 адамды құрайды;
– тұрғын үй көмегін көрсету-257,0 мың теңге, төлем 18 отбасына жүргізіледі;
- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек - 52292 мың теңге, қамтылуы 3161 алушы;
- үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету-434 мың теңге, алушылар саны 9 адам;
– мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі-10656 мың теңге, бұл ретте жеке көмекшінің қызметімен 31 мүгедек қамтылатын болады және 48 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілетін болады;
- Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу - 1633 мың теңге;
- Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту-4371 мың теңге, осы қаражат есебінен мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту жүргізіледі 70 адам және 113 мүгедек кеңейтілген тізбе бойынша техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етіледі;
– үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру-16953 мың теңге, жартылай стационар жағдайында 6 адам және үйде күтім көрсету жағдайында 49 мұқтаж азамат үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылатын болады;
– жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер-32911 мың теңге.