«Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Бөлімнің 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес, бөлім бойынша бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен қалыптастырылды.

2021-2023 жылдарға арналған «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ бойынша аудандық бюджетті орындау, аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық меншікті басқару салаларында 3071195,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:

мың теңге

№ р/с

Бағдарламалардың атауы

Жоспар

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1

452001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

31842

33812

35258

2

452003 «Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу»

756

794

833

3

452010 «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу»

1718

1803

1894

4

452012 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві»

17894

18776

19714

5

452013 «Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету»

67419

67417

67415

6

452038 «Субвенциялар»

481334

464575

469208

 

Жиыны

3071195

3125339

3126279

                                                             

          «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарлама бойынша

         Мақсаты: жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру.

        Шығыстар 11 бірлік штаттық саны бар бөлімді, оның ішінде 5 бірлік мемлекеттік қызметшіні ұстауға, оның ішінде 24185,0 мың теңге сомасында аударумен еңбек ақысын төлеуге, 1134,3 мың теңге сомасында «Бюджеттік есеп» Парус-Қаз бағдарламалық өніміне техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет ақысын төлеуге, 2578,6 мың теңге сомасында мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге,сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа қорларды сатып алуға, біліктілікті арттыру курстарына, іссапарларға.

 

            «Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» 003 бағдарлама бойынша

         Мақсаты: салық салу мақсатында жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкін бағалауды жүзеге асыру және ауданның 12 ауылдық округі бойынша салық жинау үшін мемлекеттік кірістер басқармасына мәліметтер беру

5676 бірлік мөлшерінде салық салу объектілерінің құнын айқындау бойынша қызметтер көрсетуге шығындар, оның ішінде 5473 бірлік мөлшерінде жеке тұрғын үйді, саяжайды бағалау, 203 пәтерді бағалау көзделген.

«Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» 010 бағдарлама бойынша

Мақсаты: аудандық коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру.

Жекешелендіруді жүзеге асыру, сенімгерлік басқаруға беру үшін коммуналдық меншік объектілерін бағалау, сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны орналастыру бойынша БАҚ қызметтеріне шығындар көзделген.

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві» 012 бағдарлама бойынша

Мақсаты: жергілікті бюджетті әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды олардың күтпегендігіне және ағымдағы жылы шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру.

 «Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» 013 бағдарлама бойынша

2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кредиттік шарттар бойынша есептелген сыйақыны төлеу

«Субвенциялар» 038 бағдарлама бойынша

         Мақсаты: 2021 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне шығындарды қаржылық қамтамасыз ету үшін берілетін субвенциялар.

Дата публикации
08 января 2021