Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1-бабы 4-тармағына сәйкес Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттар ретінде тіркелген:
Татьяна Васильевна Метлушко 1986 жылы туған, білімі жоғары, «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істейді, Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылында тұрады.
Адиль Зайнулаевич Садбеков 1990 жылы туған, білімі жоғары, «Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істейді, Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында тұрады.
____________________________
Татьяна Васильевна Метлушко 1986 жылы 24 наурызда Павлодар облысы Железин ауданы Церковное ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, 2010 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған, қазіргі уақытта «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істейді, Железин ауданы Алакөл ауылында тұрады.
Железин ауданының әкімі Т.В. Метлушко Алакөл ауылдық округінің әкіміне кандидат болып ұсынылды.
Т.В. Метлушконың кандидатурасы Алакөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығымен келісілді.
Адиль Зайнулаевич Садбеков 1990 жылы 7 қыркүйекте Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған, қазіргі уақытта «Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істейді, Железин ауданы Железинка ауылында тұрады.
Железин ауданының әкімі А.З. Садбеков Алакөл ауылдық округінің әкіміне кандидат болып ұсынылды.
А.З. Садбековтің кандидатурасы Алакөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығымен келісілді.
Железин аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы